Қармақшы ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ә.Қошалақов Спорт күні кәсіби мерекесіне орай сала ардагерлері мен спортшыларды қабылдап, құттықтауын жеткізді. Бұқаралық спорттың дамуына үлкен ықпал еткен ардагер спортшы Серік Құлмырзаевқа министрлік төсбелгісін табыстады. Шара барысында «Алтын күз» спартакиадасында топ жарған командалар мен аудан мақтанышына айналған спортшылар марапатталды.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2018 г.
387
0
Білесіз бе, еліміздегі ең егде қолөнер шеберінің бірі Жалағаш ауданында тұрады. Кейуана 11 құрсақ көтерген. 96 жасқа толған Өтеш Тасжүрекқызы әлі күнге дейін түс киіз басып, кілем тоқиды. Жүннен жіп иіріп, одан түрлі үй жасауларын дайындау арқылы кезінде тұрмыстық керек-жарақты қамтамасыз еткен. Тіпті соғыс жылдары сарбаздарға арнап қолғап, шұлық та дайындаған екен.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2018 г.
437
0
Сырдария ауданы: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева Қалжан ахун ауылында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Мұнан соң, Тереңөзек кентіне кіреберісте бой көтеріп жатқан 18 және 24 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысымен танысты. Сондай-ақ, аудан орталығындағы «Парасат» алаңы мен «Еңбек даңқы» музейінің қызметі назарға ұсынылды.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2018 г.
516
0
Шиелі ауданы: Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев аудандағы Сырдария өзенінің су мәселесімен танысты.Қазіргі таңда Сырдария өзеніне 100 текше метр су түсіп жатса, алдағы уақытта 450 текше метрге дейін көтеріледі. Сонымен бірге ауданға сыйымдылығы 600 млн текше метрлік «Күміскеткен» су қоймасын салу жобасы тағы бір мәрте пысықталды. Бұл жоба іске асқан кезде су тасқынының алдын алуға және су тапшылығын болдырмауға үлкен мүмкіндік беретін болады.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2018 г.
465
0
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болды. С.Сүлейменовтің төрағалығымен өткен жиында Жаңақорған кентіндегі құрылысы жүріп жатқан ауыз су жүйесі, газдандыру, алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары, электр энергиясымен қамтамасыз ету, құрылыс, жол қозғалысы, әскерге шақырту бойынша ауданда жасалып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Жиын соңында қозғалған мәселелер қорытындыланып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2018 г.
716
0
Биыл аймақтағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 13 жарым млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 278 шақырымға жуық жол жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен интернет конференцияда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тілеуов мәлімдеді.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2018 г.
525
0
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен «Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу» бойынша өңірлік оқыту семинары өтті. Оған облыстағы бизнес-қауым мен мемлекеттік мекемелерден 100-ден аса өкіл қатысты.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2018 г.
480
0
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Тілешов Нұрлан Шаймерденұлы 2018 жылғы 3 қыркүйекте сағат 15.00-де Облыс әкімдігінің ғимаратында (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі №1, Б-блок, 1-қабат, №140 бөлме) азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазу 8 (7242) 40-11-91 (7051) телефоны арқылы жүргізіледі.
ҚОҒАМ
21 тамыз 2018 г.
619
0
Ауыл шаруашылығы саласы – ауыл экономикасының басты тірегі. Ел байлығының негізі саналатын саланы жандандыру, оған жаңа технологиялар енгізу, агроөнеркәсіп кешенін ғылымға негіздеу жайы – Елбасының назарындағы мәселе. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында саланы дамытудың жолдарын айқын көрсетіп келеді.
ҚОҒАМ
21 тамыз 2018 г.
713
0
Жазушы-ғалым Мырзабек Дүйсеновтің 90 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысы ҚМУ-дың Студенттер сарайында өтті.
ҚОҒАМ
21 тамыз 2018 г.
844
0