“Мың теңгеге баспана” деген ұстаныммен құралған “Харекет” қоры он тоғызыншы отбасыға үй сыйлады, - деп жазады stan.kz. “14-үй Ақтау қаласының маңынан (Жетібай кенті) анасына және 4 құлынына (3 ұл, 1 қыз) пана болып отырған Роза Серғазықызына тапсырылды! Иесіз базада сусыз, жарықсыз, жылусыз (пеші де жоқ), тіпті терезесіз қуыста 2 жыл күн кешіп келген екі ананың айтар алғысы шексіз! 15-үй де осы Маңғыстау облысына қарасты Жетібай кентінен 7 баланың анасы (1-і науқас), Алла қаласа, тағы егіз перзентті дүниеге алып келуге тәуекел етіп отырған Айгүл Әбдіғаниқызы мен жолдасы Қуатбай Бақтыбайұлына бұйырды! Бұл үйді “Харекет” қоры арқылы “Астана” футбол клубының әрі Қазақстан құрама командасының ойыншысы Абзал Талғатұлы Бейсебеков өз қаржысына алып берді! 16-үй Өскемен қаласының тұрғыны, 5 баланың анасы Бейбітгүл Дуанқызына нəсіп болды! 17-үй Түркістан облысы Қазығұрт ауылыынң тұрғыны, əпкелі-інілі (жетім қалған бауырларымыз) Эльмира Бекбосынқызы мен Талғат інімізге нəсіп болды! Қадірлі ағайын, 18-үй Алматы облысы Ұзынағаш ауылынан 4 қыздың ата-анасы Раман Талғатұлы мен Меруерт Қойбағарқызына нəсіп болды! Раман бауырымызды бұл дүниелік бақытқа бөлеуге атсалысқан барша ағайынға Алланың нұры жаусын! 19-үй СҚО Қызылжар қаласының тұрғыны, 3 қыз (біреуі – сəл науқас) бен 1 ұлдың əкесі Манап Қатранұлына нəсіп болды! Бірнеше жыл бойы ана орнына ана, əке орнына əке болып, төрт құлынын мəпелеп отырған азаматқа Алла жар болсын! Баспана алуға атсалысқан барша ағайынның берекесі артып, бағы жансын!
ҚОҒАМ
14 шілде 2018 г.
745
0
Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Жалағаш аудандық мәслихатының кезекті ХХV сессиясы өтті. Оған аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, жергілікті полиция бастығы, мектеп директорлары және БАҚ өкілдері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 шілде 2018 г.
848
0
PDF
13 шілде 2018 г.
729
0
2015 жылы «Славян базары» халықаралық фестивалінің жеңімпазы, қазақ атын әлемге танытқан Димаш Құдайберген биыл Витебскке төреші ретінде келіп, фестиваль аясында ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 шілде 2018 г.
812
0
Атлон қаласында (Ирландия) мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен Бүкіләлемдік жастар ойындарында жерлестеріміз Мейіржан Мақшат жеңіл атлетикадан бақ сынасып, 800 м.қ. жүгіруден алтын медальді иеленді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 шілде 2018 г.
840
0
Электронды үкімет порталы сайтында 164 көшенің атауын өзгерту туралы жоба жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚОҒАМ
13 шілде 2018 г.
741
0
Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыс активімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 шілде 2018 г.
882
0
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Жиделі» шаруа қожалығы Ресейге 30 тонна қауын-қарбыз жөнелтті. Маусым аяқталғанша экспорт көлемі бірнеше есеге артады деген жоспар бар, деп хабарлайды kazakh-zerno.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 шілде 2018 г.
750
0
Бүгін Қамбаш көлінде Арал балықшыларының IV слеті өтті. Теңіз тұңғиығынан маржан терген еңбекшілердің мерекесін тойлау 2015 жылдан бастап жалғасып келеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 шілде 2018 г.
1 257
0
Алматы қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін жаңа пәтерлер кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті. «Сатып алу құқығымен жалға берілген тұрғын үй» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының әлеуметтік маңызы бар бағыттарының бірі. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ - 2014 жылдан бастап осы бағытты іске асырудың операторы болып табылады.
Әлеумет
13 шілде 2018 г.
6 561
0