КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕРДІ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕРДІ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов кәсіпкерлікке кең қолдау көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтып, кеңінен түсіндіріп берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2018 г. 582 0
СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕГІ БОС ЖҰМЫС  ОРЫНДАРЫ

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Облыста 9-10 шілде күндері Солтүстік Қазақстан, Қостанай, өңірлерінен айма­ғымызға келген арнайы делегация мүше­лері Қызылорда және Байқоңыр қаласында, Шиелі, Жаңақорған аудандарында «Бос жұмыс орындарын жәр­меңкелерін»  өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2018 г. 704 0

Туған ауылын түлеткендер

«Туған жерге туыңды тік!». Біршама уақыт бұрын Жанқожа батыр ауылындағы тағылымды тірлікті көргенде осынау даналық сөз ойға оралған еді. Бұл күні аталған елді мекендегі №94 мектепті 1978 жылы бітірген түлектер бас қосып, ауылдастарына керемет тарту жасағанын айта кету ләзім. Ауыл орталығынан белгіленген орынға тал егіп, «Түлектер аллея­сы» деген атау берген игілікті шараға Жетпісбай Қарасаев есімді азамат бастамашы болыпты. Ауылға Жетен есімімен танымал осынау сұңғақ бойлы жігіт ағасы ауыл көлеміндегі жасыл желектің шынайы жанашыры десек, жалған емес. Үйіргелік жеріне түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, күтіп-баптаудан жалықпайтын Жәкеңнің еңбегі өзгелерге үлгі қылуға әбден лайық.
ТАҒЫЛЫМ 31 шілде 2018 г. 929 0
АЛҒАН ҚОЛДАН  БЕРГЕН ҚОЛ ҚАЙЫРЛЫ

АЛҒАН ҚОЛДАН БЕРГЕН ҚОЛ ҚАЙЫРЛЫ

Қайырымдылық жасау – адамның қанынан, әлде тегінен немесе өзегінен өрілетін қасиет. Жомарт жанның айналасына қамқорлық танытуы, ізгі амал жасауға сеп болуы – адамгершіліктің биік шыңы. – «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Асхат Жарқынбеков. Жосалы кентінде үздіксіз қайырымдылық шараларын жүргізіп келеді. Имамның бастамасымен кент дүкендерінде «Қайырымдылық сөресі» ашылды. Онда жақсы амал жасауға ниеттенген жандар сатып алған заттарының немесе азық-түлігінің мөлшерлі бөлігін қалдырып кете алады. Ал мұқтаж жандар керегін сөреден ала алады. Қайырымдылық жасаудың мұндай үлгісі облыста алғаш рет қолға алынып отыр. Аудан тұрғындары бұл бастамаға жоғары баға беріп, қолдан келген көмектерін беруде. Қайырымдылық жасаудың озық идеясын арқау еткен Асхат жетім балалар мен жесір аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап жеке кәсіпкерлермен бірігіп, акциялар ұйымдастыруда. Мәселен, өрттен зардап шеккен отбасыға мешіт жамағатымен бірге үй құрылысын салып беруге қолғабыс берген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2018 г. 843 0
“Күшікбай батыр асуы” туралы аңыз

“Күшікбай батыр асуы” туралы аңыз

Семейден Абай ауылына бара қалсаңыз, жолшыбай Күшікбай асуын басып өтесіз. Бұл асудан қыс кезінде өту қиын-ақ. Семейдегі ашық, желсіз күн асуға таянғаннан-ақ борандатып, қарлатып тұрады. Бұл кезді жергілікті халық "Күшікбай батыр ашуланып жатыр" – деседі.
ТАНЫМ 31 шілде 2018 г. 1 225 0

ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ, ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ

Тілге деген құрмет халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын жарқыратуымыз керек. Ана тілін сүйген адам туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді.
АҚПАРАТ 31 шілде 2018 г. 558 0
Бауыржан Момышұлы туралы қызықты 13 дерек

Бауыржан Момышұлы туралы қызықты 13 дерек

Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы жайлы көптеген қызықты деректер бар.
ТАНЫМ 31 шілде 2018 г. 1 217 0
Қазақстанның басым бөлігін жауын-шашынсыз

Қазақстанның басым бөлігін жауын-шашынсыз

Қазақстанның басым бөлігінде 31 шілде жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігі мен шығысында өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласады. Күндіз солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2018 г. 437 0
Үй мен көлік сатқаннан зейнетақы қорына ақша аударылмайды

Үй мен көлік сатқаннан зейнетақы қорына ақша аударылмайды

Үй мен көлік сатқаннан зейнетақы қорына ақша аударылмайды. Ал азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер тапқан табысынан 10 пайызды қорға аударуға міндетті. Шілденің 14 күні күшіне енген осы заң көпшілік арасында біраз дүрбелең туғызған деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
ҚОҒАМ 31 шілде 2018 г. 578 0
Денис Теннің жаттықтырушысы карьерасын тоқтатқанын мәлімдеді

Денис Теннің жаттықтырушысы карьерасын тоқтатқанын мәлімдеді

Мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы америкалық Фрэнк Кэрролл карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Оның соңғы шәкірті Денис Тен болған еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ifsmagazine.com сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2018 г. 669 0