Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Қ.Ақсақаловтың атынан өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлеріне алғыс хат табыстады.
---
05 маусым 2018 г.
424
0
Біз бала кезімізде мектептің кітапханасына баруға асығатынбыз. Мектеп кітапханасында қызмет жасаған марқұм Несібелі Жұбаназарова көпшіліктің әлі есінде. Ұстаздар әулетінен шыққан апайдың биязы мінезі, біліктілігі балалардың кітап оқуға, білімге деген құштарлығын арттырғаны анық. Бастауыш сыныпта жүргенде Несібелі апай өткізген шараға белсене араласқаным үшін сыйлыққа бір тал пластмасса гүл алғаным бар. Сол күні қуанышымда шек болмаған еді. Қазір уақыт та, қоғам да өзгерді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 маусым 2018 г.
702
0
Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округінде тұңғыш рет аударыспақтан жарыс өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған сайыста білекті, тақымы мықты шабандоздар бақ сынасты.
ДОДА
05 маусым 2018 г.
797
0
Сырдарияның сол жағалауында басталған жаңа Қызылорда күн санап айшықталып келеді. Дария бойындағы даңғылмен жүріп өтсеңіз көзіңізге ерекше түсетін биік ғимаратқа таңданыс білдірмей тұра алмайсыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 маусым 2018 г.
1 128
0
Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен ақын, журналист Қуат Адистің балаларға арналған «Кемпірқосақ» атты кітабының сүйінші данасы жарық көрді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 маусым 2018 г.
762
0
Теміржол вокзалына бара қалсаңыз, жанынан тарихи ғимаратты байқайтыныңыз анық. Ішіне енсеңіз, сан ғасырлық сырды бүккен көне жәдігерлерге куә боласыз. Сыры кетсе де сыны кетпеген бұл ғимараттың музей екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Сонау Николай патша заманынан бері келе жатқан ғимарат 1905 жылы салынған архитектуралық тарихи мұра. 1917 жылы әскери казарма болған нысан кейін сан түрлі мақсатта қолданылды. 2004 жылы қайта қалпына келтіріліп, «Ақмешіт» музейі болып ашылды. Мұнда Ақмешіт, Перовскіден бастау алатын тарих легі бүгінгі күннің мұраларымен ұштасып жатыр. Тарихи жәдігерге толы мұражайға кіргеннен өзгеше әсерге бөленесіз. Қадым замандағы қыш құмыралар, ағаштан жасалған ыдыстар бірден өзіне үйіріп әкетеді.
Тарих
05 маусым 2018 г.
1 781
0
Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы еліміздегі экология саласына 30 жыл толуына арналған «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» атты айлық шара ұйымдастырды. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында қорытындыланған шарада «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Л.Жүсіпова қоршаған ортаны қорғаудың маңызы жайлы әңгімелеп, саланың 30 жылдығына байланысты тілегін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 маусым 2018 г.
476
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Еуразия жүрегінде» кітабында: «Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көпұлтты және көпдінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне, осындай қала», – деп жазды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 маусым 2018 г.
900
0
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда қаласында бірқатар шара ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 маусым 2018 г.
430
0
Айдынды Арал өңірі жыл санап көркейіп, кемелденіп келеді. САРАТС-1 жобасы аясында Сырдария өзені арқылы жететін су мөлшерінің көлемін тұрақты ұстап тұру үшін «Ақлақ» су тоспасы арқасында арнасы кепкен көлдерді суландыруға жол ашылды. Соның бірі ретінде ұзақ жылдар бойы кеуіп жатқан «Сарытерең» көліне су келді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 маусым 2018 г.
446
0