ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Сыр өңірі – ұлттық тарихтың алтын көмбесі екенін айтты.– Кейде асау мінезімен арқырай, кейде момақан қалпына түсетін қасиетті Сырдария суындай сырғыған уақыт тезі мен сынының қилы-қилы кезеңдерінде аты мен атауы өзгергенмен, заты өзгермеген бір төбе ескерткіш бар. Ол – осы отырған сіз бен біздің Қызылордамыз, алтын ордамыз, талбесігіміз, – деді сенатор өз құттықтауында.
Әлеумет
06 мамыр 2018 г.
1 131
0
Жұма күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды. Аймақ басшысының қатысуымен аудан әкімдігінде Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының даму жоспарын талқылаған жиын өтті. Осыдан кейін жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңестің көшпелі отырысына қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 мамыр 2018 г.
498
0
Бейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен жобалық басқару бойынша сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Онда осы бағыттағы жұмыс қорытындылары және алдағы міндеттер талқыланды.Жобалық басқару аясында І тоқсанда атқарылған жұмыс жөнінде алдымен облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким баяндады. Оның айтуынша, барлық мақсатты көрсеткіш орталық мемлекеттік органдар штабымен келісілген. Сонымен қатар, өңірлік жобалық бастамалар әзірленіп, үйлестіру штабына ұсынылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 мамыр 2018 г.
500
0
Әйгілі Алаш зиялысы Міржақып Дулатов “Қайтсек жұрт боламыз?” деген мақала жазып, “Жауап біреу-ақ, әскеріміз болса ғана жұрт боламыз” деп кесіп айтқан болатын. Осы орайда Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылып, уақыт талабына сай қарқынды дамып, әлеуетін арттыра түскенін ерекше атап өтуіміз керек.Тәуелсіздіктің көк туы берік қолда. Жаңа буын өсіп, Отанын қорғайтын азаматқа айналды. Олардың бойына да, ойына да адал қасиеттерді дарыту – қоғам міндеті, біздің парызымыз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 мамыр 2018 г.
509
0
Қос мереке қарсаңында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен “Жас Отан” Жастар қанаты, “Ардагерлерді ардақтайық” еріктілер тобының ұйымдастыруымен ҰОС және тыл ардагерлерімен кездесу болып өтті. Шараға Ауған соғысы, Чернобыль апатын жоюшылар, “Невада-Семей” қозғалысының төрағалары мен ерікті жастар қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 мамыр 2018 г.
593
0
Қызылорда қаласында салынып жатқан «Рухани жаңғыру» орталығы ғимаратының құрылысы аяқталды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бейсенбіде сол жағалаудағы жұмыс барысымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 мамыр 2018 г.
1 194
0
3-4 мамыр күндері Қызылорда қаласында Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының 73-ші отырысы өтіп, оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің салалық министрлік өкілдері ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Султон Рахимзода және Түркіменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Магтымгулы Байрамдурдыев қатысты.Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясы 1992 жылы Орталық Азия елдерінің Арал теңізі бассейніндегі су шаруашылығы мәселелері бойынша шешім қабылдау алаңы ретінде құрылып, бұған дейін 72 отырысын өткізген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
06 мамыр 2018 г.
826
0
PDF
05 мамыр 2018 г.
578
0
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында ҚАЖ ардагерлері, департамент басшылығы және жеке құрамның қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шара ҚР Әнұранымен ашылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтау жеделхаты оқылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
809
0
Бүгін «Ақмешіт» музей филиалында Жеңіс күніне орай «Сыр бойы сұрапыл соғыс жылдарында» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 мамыр 2018 г.
638
0