Төтенше жағдайларды болдырмаудың маңызды бір әдісі – қауіпсіздік шаралары жөнінде оқытуға бағытталған үгіт–насихат жұмыстары, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу.
АҚПАРАТ
18 мамыр 2018 г.
442
0
Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары Қалалық демалыс паркінде «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда филиалы қызметкерлерімен бірігіп құтқару жабдықтарының көрмесін өткізді.
АҚПАРАТ
18 мамыр 2018 г.
497
0
Жазғы демалыс қарсаңында Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағында облыстың су қоймаларында балалармен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл шараға «Абылай хан» және «Жас өркен» колледждерінің студенттері, сондай-ақ, Қызылорда қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.
АҚПАРАТ
18 мамыр 2018 г.
536
0
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары бөлімінің қызметкерлері «Жол жүру ережелері және әкімшілік құқықбұзушылық» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шарада орта басшы құрам және өрт сөндіру бөлімдерінің жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы полиция лейтенанты Б. Байтіков шақырылды.
АҚПАРАТ
18 мамыр 2018 г.
522
0
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Әлімжан Марданов пен Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Темір Еркебаев «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат кезінде, жазғы маусымда суда төтенше жағдайдың алдын алу мен болдырмау жөнінде бірқатар сұрақтарға жауап берді.
АҚПАРАТ
18 мамыр 2018 г.
538
0
ҚР ІІМ ТЖК "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесінде жеке құрам арасында зиянды әдеттерге тәуелділіктің алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Аддиктивті мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері" тақырыбында медициналық -психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психологы Ж. Бегманова семинар ұйымдастырды.
АҚПАРАТ
18 мамыр 2018 г.
808
0
2018 жылы мамыр айының 11-16 күні аралығында суға шомылу маусымының басталуы қарсаңында Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №250, №105 мектеп-лицейлері және №26, №27, №30, №183, №121 орта мектептері 6-11 сыныбының 532 оқушыларымен 83 мұғалімдерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстары мен семинар өткізді.
АҚПАРАТ
18 мамыр 2018 г.
621
0
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогы мен чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 189 ұпаймен бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды – Алматы облысы (184 ұпай), үшінші орынды – Алматы қаласының (181 ұпай) командалары иеленді.
ДОДА
18 мамыр 2018 г.
2 227
0
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және ҮЕҰ «Қамқорлық» дағдарыс орталығының қолдауымен мүгедек әйелдерді қолдау, қорғау, психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету және қоғамға бейімдеу мақсатында «Мейірімділік үйінде» «Әйелдерді мейрімділікке бөлейік!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 мамыр 2018 г.
639
0
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 32 жастағы жігітке қатысты айыптау үкімі жарияланды.
ҚОҒАМ
18 мамыр 2018 г.
778
0