Сыр өңіріндегі сақ дәуірінен сақталған ежелгі қалалардың бірі– Шірік-Рабат қалашығы. Шірік-Рабат қалашығы оңтүстік-батысында Парсы елі, терістігінде Ресей мен оңтүстік-шығысында Қытайды жалғастырған Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан. Шаһар сол заманда өмір кешкен халықтардың Хорезм, Парсы елдерімен шекаралық бекінісі рөлін атқарған. Өйткені, бұл елдердің байланысы кезінде арнасы тасыған Жаңадария арқылы жүріп отырған.
Тарих
11 мамыр 2018 г.
1 623
0
Арал қаласының Мәдениет үйінде облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында «Теңіз тағдырын толғаған туынды» атты ашық диалог алаңы – дебат өтті. Аталған мәдени шара «Халықаралық кітап күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып, Арал теңізі айдынынан түлеп ұшып, бүгіндері есімі төрткүл дүниеге танылған белгілі суреткер, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы кейіпкерлер әлемін талдауға арналды.
ҚОҒАМ
11 мамыр 2018 г.
935
0
Қазақстанның Халық Жазушысы Қалтай (Қалиолла) Мұхамеджановтың қызы Жәмила да әкесі тәмамдаған Мәскеудің А.В.Луначарский атындағы театр-өнер институтын бітірген. Көп жылдар Америкада, Балтық жағалауы елдерінде қызмет жасаған. Қазір Астанада тұрады. Қалтай ағаның Алматыда атап өтілген 80 жылдығына орай орыс тілінде жазған төмендегі естелігін ықшамдап, қазақ тіліне аударып жерлестерінің назарына ұсынып отырмыз. Биыл 90 жылдығын тойлағалы отырған қазақтың Қалтайының тойы, құрдасы әрі досы адамзаттың Айтматовының тойымен қатар келмек. Қалтай ағаның туған жері – Сыр елінде оның 90 жылдығына орай танымдық, тәрбиелік, мәдени іс-шаралар басталып та кетті. Қазбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,Қалтай Мұхамеджанов кітапханасының ғылыми қызметкері, ҚМУпрофессоры.
ҚОҒАМ
11 мамыр 2018 г.
697
0
Жер жаралғалы, мына дүние пайда болғалы тарихтың парақтарына жазылып келе жатқан ежелгі Сыр өңірінің ежелгі жылнамасын әлі де бұғып, әлі де тұнып жатқан өз еліміз бен өз халқымыздың көне тарихының алтын қамбасы деп білгеніміз абзал. Кейде асау мінезімен арқырай, кейде сабырсыз күймен сарқырай ағып, кейде сол бір момақан қалпына түсе қалар қасиетті Сырдарияның суындай сырғыған уақыт тезі мен сынының қилы-қилы кезеңдерінде аты мен атауы өзгеріп тұрғанымен заты өзгермеген бір көне ескерткіш бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 мамыр 2018 г.
745
0
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті. Оған саладағы тыл және еңбек ардагерлері қатысты.
АҚПАРАТ
11 мамыр 2018 г.
508
0
13 мамыр күні облыс орталығында қайырымдылық марафоны өтеді. Игі шарадан түскен қаржы «Шуақты бөбек» қоғамдық қоры арқылы дамуында ауытқушылығы бар балаларға арналған оңалту орталығын ашуға жұмсалмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
АҚПАРАТ
11 мамыр 2018 г.
534
0
12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні. Бұл атаулы күннің тамыры тереңде жатыр. Әлем бойынша 1974 жылдан бастап мейірбикелер күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Ол Қырым соғысы кезінде жарақат алғандарға көмек көрсету үшін қайырымдылық қызметін ұйымдастырған Флоренс Найнтингейлдің құрметіне арналған.
АҚПАРАТ
11 мамыр 2018 г.
931
0
12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі облыстық үздік мейірбикелер конкурсы өтті.
АҚПАРАТ
11 мамыр 2018 г.
556
0
Жуырда Астанадан ақжолтай хабар жетті. Бас қалада өткен республикалық кеңесте біздің аймақ мейірбикелері марапатқа ие болып, абырой биігінен көрініпті. Солардың бірі – Сәнімкүл Ізмайлова. Ол облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі.
АҚПАРАТ
11 мамыр 2018 г.
456
0
Тірлігінде жаққан отымен жан-жағындағыларға жылу таратқан адамның соңында қалдырған ізі де жарқырап жатады. Сәден Нұртайұлы әкесі майданға аттанғанда үйелмелі-сүйелмелі 5 баланың естияры болып қалған еді. Оқудан бос кезде анасына қолқанат болып, колхоз жұмысына ерте араласты. Майданнан хабар күтіп елеңдеген отбасына әкелерінің қаза тапқаны туралы «қара қағаз» келді. Басқа түскен ауыр қайғы мен балаларын жеткіземін деп бейнет кешкен анасы да дүниеден озғанда Сәден небәрі 16 жастағы бозбала еді. Ол иығына жүктелген аманат жүгі ауыр екенін сезінсе де оқуға, білім алуға деген талпынысынан бас тартпады.
ҚОҒАМ
11 мамыр 2018 г.
1 223
0