«Адай» үшінші айқасын нокаутпен аяқтады

«Адай» үшінші айқасын нокаутпен аяқтады

Қазақстандық боксшы «Адай»  лақап аты бар Уәлихан Бейсенқұлов (3-0, 3КО) Мәскеуде (Ресей) кәсіби бокстағы өзінің үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. «Локомотив» бокс академиясының рингінде біздің отандасымыз камерундық Кристиан Вуапимен айқасты. Алты раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта аяқталды.  Бейсенқұлов нокаутпен жеңді. 
ДОДА 16 сәуір 2018 г. 647 0
Қазақстанға Қытай мен Түркиядан көшіп келушілер көбейді

Қазақстанға Қытай мен Түркиядан көшіп келушілер көбейді

Қазақстанға келген мигранттардың саны 620 мыңға жетті. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгінгі Үкімет сағатында мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі"Ресми статистика бойынша, соңғы үш жылда біздің елімізге 5 миллион 600 мыңнан астам шетелдік азаматтар келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД елдерінің азаматтары. Негізінен, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Ресейден келген. Сондай-ақ, алыс елдерден келген мигранттардың қатары көбеюде. Осы уақытқа дейін олардың саны 620 мыңға дейін жетті. Олардың көбі қытай және түрік азаматтары", - деп атап өтті ҚР Ішкі Істер министрі.Министрдің айтуынша, басты міндет заңсыз көші-қонға тоқтау салу, себебі ол қоғамдық тәртіп үшін қауіпті фактор болып табылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 612 0
Уақытша тіркеуге тұру үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ - ҚР ІІМ

Уақытша тіркеуге тұру үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ - ҚР ІІМ

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов уақытша және тұрақты тіркеуге тұру енді онлайн режимде іске асырылатынын атап өтті. Бұл жайында министр бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі."2017 жылы қаңтарда күшіне енген заңнамалық өзгертулер көші-қонды бақылауды күшейтуге жол ашты. Бұл тіркеу есебін ретке келтіру арқылы жүзеге асуда. Азаматтар өздері тұратын жерге 10 күннің ішінде тіркелуі қажет. Тұрақты және уақытша тіркеуден бастартқан адамдарға да қатысты талап күшейтілді", - дейді министр Қасымов.Сонымен қатар, бүгінде тіркеуге тұру үшін арнайы ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ екендігін айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 474 0
Америкалық тұрғын Головкиннің портреті бар шаш үлгісін жасады

Америкалық тұрғын Головкиннің портреті бар шаш үлгісін жасады

АҚШ-тағы барбершоптардың бірінің иесі Мигель Росас клиентіне қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің портреті бар шаш үлгісін жасап берген. Жұмыс нәтижесінің фотосын шебер Twitter-дегі парақшасында жариялады.Бұл жұмысқа GGG промоутері Том Леффлер жоғары баға беріп, суретті әлеуметтік желіде бөліскен.Мигель бұған дейін де шашқа спорт жұлдыздарының портретін салып жүрген. Мәселен, бір клиентке Флойд Мейвезер мен екінші біріне Конор МакГрегорды салды.Айта кетейік, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 5 мамыр күні Калифорния штатында өткізбек. Алайда рингке кіммен шығатыны әлі белгісіз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 596 0
Apple және Colgate «ақылды» тіс щеткасын шығарды

Apple және Colgate «ақылды» тіс щеткасын шығарды

«Естімеген елде көп» деген сөздің аясы кеңіп, тіпті ақылға сыймайтын жаңалықтардың ашылып жатқаны рас. Соның бір дәлелі болар Apple компаниясы жасанды қабілетке ие тіс щеткасын шығарды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 504 0
Әлемдегі ең бақытты ел белгілі болды

Әлемдегі ең бақытты ел белгілі болды

Финляндия БҰҰ нұсқасы бойынша әлемдегі ең бақытты елдердің көшін бастап тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
АҚПАРАТ 16 сәуір 2018 г. 542 0
АҚШ Ресейге қарсы тағы санкциялар салады

АҚШ Ресейге қарсы тағы санкциялар салады

Америка Құрама Штаттары Ресейге қарсы тағы да санкция салады. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz сайты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 501 0
Еліміз алғаш рет Лондондағы кітап жәрмеңкесіне қатысты

Еліміз алғаш рет Лондондағы кітап жәрмеңкесіне қатысты

Лондондық кітап жәрмеңкесі аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы және қазақ әдебиетінің классиктері Оралхан Бөкеев және Герольд Бельгер, Әуезов шығармаларының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды 24kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 499 0
Disney-дің жаңа фильміне қазақстандық каскадерлер түседі

Disney-дің жаңа фильміне қазақстандық каскадерлер түседі

Disney студиясы тағы бір анимациялық туындыны қайта түсіреді. Disney «Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» мультфильмдерін шығарғаннан кейін, «Мулан» көркем картинасын ұсынбақшы. Кинокартинаға қазақстандық каскадерлар қатысады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 481 0
Өзге елдің азаматтығын алған қазақстандықтар жазаға тартылуда

Өзге елдің азаматтығын алған қазақстандықтар жазаға тартылуда

2017 жылы Қазақстанда қосарланған азаматтығы бар шамамен 600 адам жазаға тартылды. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Нұрлан Әбдіров айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 473 0