Әлемдегі атақты 100 адамның тізімі жарияланды

Әлемдегі атақты 100 адамның тізімі жарияланды

Time журналы 2018 жылғы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның есімін жариялады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 1 680 0
Қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасады

Қостанайлық мұғалім «ақылды» киіз үй жасады

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Александр Шерцер эко-туризмді дамытудың жаңа жобаларын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Информатика пәнінің оқытушысы, робот техникасы бойынша Қазақстан құрамасының бапкері Александр Шерцер жақында Қостанайда өткен робот техникасы фестивалінде өзі жасаған «ақылды» киіз үйін таныстырды. Ол кәдімгі қазақы киіз үйлерге күн батареяларын орналастырып, шалғай ауылдарға электр жүйесін жеткізуді ұсынады. Тіпті, қазіргі уақытта бағдарламаны облыс орталығынан алыс аудандарға жүргізудің жоспары дайын тұр. Мұндағы басты ерекшелік - киіз үйге кіріктірілген күн батареялары бұлтты күні де, қыс мезгілінде де жұмыс істей береді. Қаржы мәселесі шешілсе, жаңа жобаны әрі қарай өрістетуге болады дейді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 674 0
Кемероводағы өрт кезінде қайтыс болғандардың нақты саны хабарланды

Кемероводағы өрт кезінде қайтыс болғандардың нақты саны хабарланды

2018 жылдың 25 наурызында Кемеровода жойқын өрт болды.  Өрттен барлығы неше адам қайтыс болғаны хабарланды. «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығындағы өрттен 60 адам көз жұмған. Бұл жайында Тергеу комитетінің арнайы өкілі хабарлады.— Өрт кезінде іс-түссіз жоғалғандар мен сарапшылардың қорытындысы нәтижесінде 60 адамның қайтыс болғаны анықталды, - деді арнайы өкіл.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 664 0
Ресей мен АҚШ санкция жайын талқылады

Ресей мен АҚШ санкция жайын талқылады

Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов және оның америкалық әріптесі Стивен Мнучин Вашингтонда кездесіп, санкция мәселесін талқылады. Бұл жайында Риа Новости хабарлайды.Сонымен қатар Халықаралық валюта қоры мен Әлемдік банктің жиналысында екі жақ Солтүстік Корея, Сирия, Украинаға қатысты мәселелерді талқылады. Кездесу барысында не айтылғаны жарияланған жоқ. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2018 г. 619 0

Дауды шешудің оңтайлы тәсілі – медиация

Ел арасында даудың бетін дау қайтарады деп, дауласқандардың бірін-бірі сотқа апаруы жиіледі. Бірақ, одан дау басылмайды, жағдай ушығып көбіне ыза-кекке айналады. Мәселені сотқа жеткізбей, шешімін табуға елімізде мүмкіндік қарастырылған. 
АҚПАРАТ 22 сәуір 2018 г. 491 0
Сырдың Серік серісі

Сырдың Серік серісі

Сыр елі алыстан атын, жақыннан затын жазбай танитын талант иесі Серік Ыдырысов Қармақшының киелі топырағында дүниеге келген.
РУХАНИЯТ 21 сәуір 2018 г. 1 739 0
Бозкөлдің боз жусанындай бұл адам

Бозкөлдің боз жусанындай бұл адам

Әдетте алдыңғы толқын ағалар туралы, әсіресе ел басқарған тұлғалар  жайында әңгімелегенде атқарған  қызметін тізіп, атақтарын санап шығамыз. Мұндай мақалалар көбіне мерейтойлар қарсаңында қолға алынады. Бірақ, мерейтойлық мақала інінің ағаға деген көңілауларлық ілтипаты ғана. Онда адами болмыс ашылып, кісілік келбеттің көрініс беруі қиын. Атпал ағалардың маңдайына түскен сызықтар кириллица әрпі емес, оны жүрек көзі ғана оқи алады.
ТАҒЫЛЫМ 21 сәуір 2018 г. 1 358 0

«Мәдениеттің» межесі биік

Жалағаштың Мәдениет ауылында бүгінде 4  шаруашылық ұйымы жұмыс жасайды. Солардың қатарында он жылдан астам тәжірибесі бар «Мәдениет» шаруа қожалығы егін саласында екпінді еңбек етіп келеді. Айталық, өткен жылы егілген 615 гектар күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алған болса, биыл жалпы аумағы 700 гектар жерге күріш егуді жоспарлап отыр. Шаруашылық төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ақділда Қыпшақбаев еңбектен тапқан табысын елмен бөлісіп, ауылдың әлеуметтік саласын көтеруге  аянбай үлес қосып келеді. 
ДӘУЛЕТ 21 сәуір 2018 г. 630 0

«Алтын дәннің» адымы

Атақты диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы ауылда атакәсіпті өркендетіп келе жатқан ірі құрылымның бірі «Алтын дән-Шиелі» шаруа қожалығы егіншілері егіс алқабына шықты. Аталған елді мекенде 7 бірдей шаруа қожалығының басын қосып, ірілендірген шаруашылық биыл күріш көлемін 1000 гектарға жеткізуді көздесе, 250 гектар ескі жоңышқалықты да ерте күтімге алып, агротехникалық шараларын жүзеге асырып үлгерді. Ұжымда әзірге 50 ауыл тұрғыны еңбек етіп келеді. 
Әлеумет 21 сәуір 2018 г. 3 239 0
Салық мәдениеті: заманауи технология және адалдық қағидасы

Салық мәдениеті: заманауи технология және адалдық қағидасы

Елбасының биылғы Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталды. Еліміз үшін  дамудың жаңа кезеңінде туын­дайтын міндеттеріміз – халыққа көрсетілетін қызметті ықшам, ыңғайлы, жылдам әрі барынша түсінікті сипатқа келтіру. Біздің мақсатымыз – қоғамның талабымен, оның дамуымен қатар жүру ғана емес, азамат­тардың бүгінгі уақытқа сай көзқарасы мен талғамын қалыптастыруға үлес қосу. Яғни, кәсібін тіркету сәтінен бастап оның дамуы мен көтерілуі үшін барлық қызметтің жетілдірілген түрін ұсыну.
Экономика 21 сәуір 2018 г. 1 974 0