Бүгін Бейжіңде ҚР Сыртқы істер миинстрі Қайрат Әбдірахманов «Балдырған» балаларға арналған даму орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің Қытайдағы меншікті тілшісі. Қытайдағы ҚР елшілігінің қолдауымен ашылған бұл мекеме ел аумағынан тыс жүрген қазақтілді балаларға арналған алғашқы жеке даму орталығы атанды. Оған қазақстандық дипломаттардың және Бейжіңде аккредиттелген ұлттық компания өкілдерінің ұл-қыздары бара алады. 204 шаршы метр болатын аумақта мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілі, қазақтың дәстүрі мен мәдениеті үйретіледі. Онда тәжірибе, математикалық, тілдік және гимнастикалық деп аталатын бірнеше бөлім бар. Дамыту орталығы жұмыс күндері 08:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Қосымша ағылшын тілі, хореография, ән салу және бейнелеу өнері үйірмелері жұмыс істейді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
570
0
Республикалық арнайы мониторингтік топ Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар халыққа қызмет көрсететін нысандарға барып, қызмет түрлерімен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
497
0
Елімізде 1 мың IT сыныбы ашылады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
619
0
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сай сырбойылық ақ халаттылар қағазсыз құжат айналымына көшіп, өңір тұрғындарының электронды денсаулық паспортын даярлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
531
0
Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 21 сәуір күні, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу» акциясы өткізілді. Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ерікті жастары мен сарбаздары атсалысты. Жастар атынан арнаулы орталыққа 30 дан астам жеміс талдары (сары өрік, алма) және арнайы «Сыр талы» ағашы отырғызылды. Сонымен қатар жер қопсыту, арамшөптерден тазарту жұмыстарын жасады. Жалпы іс-шараға 50-ге жуық ерікті жастар қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
1 290
0
Сәуірде қазақстандықтар 9 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Ал мамыр айында ел халқы 20 күн еңбектеніп, мереке күндеріне байланысты 11 күн демалады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
791
0
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қоры «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында жастар арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «ОЙ – САНА» облыстық байқауын өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
554
0
Жалпы суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
700
0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Республикалық арнайы мониторингтік топ пен Агенттік өкілдері жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
741
0
Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері Байқоңыр қаласындағы жұмыс сапары кезінде қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, көрсетіліп жатқан қызметтердің барысымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 сәуір 2018 г.
539
0