Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті бастамасымен семинар өтті. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық нормаларын сақтап, заңбұзушылықтардың алдын алуды мақсат еткен жиынға департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының заңгер-консультанты С.Алшынбеков, департаменттің бас маманы Ә.Амангелдиев қатысып, маңызды мәселелер төңірегінде баяндама жасады.
АҚПАРАТ
19 сәуір 2018 г.
499
0
Облыста «Жастар корпусын дамыту» жобасы таныстырылды. Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асқан жоба туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев айтып берді.
АҚПАРАТ
19 сәуір 2018 г.
582
0
Облыстық мекемелер үйінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелерінің кезекті отырысы өтіп, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, инертті жүктерді тасымалдаушылар алдындағы әкімшілік кедергілерді жою, жер қойнауын пайдаланушылардың жүк тасымалына қатысты ереже талаптарын сақтауына байланысты мәселелер талқыланды.
АҚПАРАТ
19 сәуір 2018 г.
476
0
WBC, WBA (Super), IBF және IBO сериялары бойынша орташа салмақ чемпионы Геннадий Головкин (37−0−1, 33 КО) бесінші мамырда жекпе-жекке шығатын қарсыласы туралы ресми жариялады.
ДОДА
19 сәуір 2018 г.
668
0
ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен көрікті орындар мәселелері бойынша халықаралық кеңес Ассамблеясының ұйғарымымен 1982 жылдан бері 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні ретінде аталып өтеді. Елімізде де бұл мерекеге ерекше сипат берілген. Рухани даму бағытының түп-төркіні – тарихи-мәдени құндылықтарымызды терең танып, кеңінен насихаттап, сонымен бірге, қорғау шаралары қолға алынып отыр.Мерекеге орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті.
Тарих
19 сәуір 2018 г.
1 586
0
Қазақта балаға қатысты жасалатын салт-дәстүрлер көп. Соның бірі - шаш қою.
ТАНЫМ
19 сәуір 2018 г.
3 764
0
ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9 - нан 10 - на қараған түні – Қадір түні.Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады. Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. “Арафа” мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.
ЖАРНАМА
19 сәуір 2018 г.
1 513
0
Мемлекет басшысы xалықты тұрғын үймен қамтуға арналған «7-20-25» бағдарламасын биылдан қалдырмауды тапсырды. Алайда оны іске асыру үшін депутаттар бірқатар заң жобаларын тездетіп қабылдауы қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БИЛІК
19 сәуір 2018 г.
742
0
2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланған Мәжілістің жалпы отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім саласына бюджеттен бөлінетін қаржының жетпей жатқанын айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 сәуір 2018 г.
586
0
Биыл облыста Қышқала, Бәбіш мола сияқты көне қалаларына қазба жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 сәуір 2018 г.
615
0