Сұлтан МАҚАШОВ, Қармақшы ауданының әкімі: ӘРТАРАПТАНДЫРУ АТАКӘСІПТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

Сұлтан МАҚАШОВ, Қармақшы ауданының әкімі: ӘРТАРАПТАНДЫРУ АТАКӘСІПТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

Қармақшы ауданының жер жайы да, тұрғындарының қолайы да атакәсіп – мал және егін шаруашылығын дамытуға бейімделген. Кәсіпкерлікке қатысты жобалардың басым көпшілігі осы ауыл шаруашылығы саласымен сабақтасып жатыр. Ауданға барған сапарымыз барысында өз кәсібін ашушылардың мал ыңғайымен ауылдан алыстап, жеке фазендаларға орналасуы үрдіске айналғанын байқадық. Дән себу науқаны басталып, мал төлдеп жатқандықтан шаруашылықтардағы қарбалас күнұзаққа тоқтамайды. Жауапты науқан кезіндегі тыныс-тіршілікке сырттай қанығып, кәсіпкерлікті дамыту, еңбек өнімділігін, экспорттық әлеуетті  арттыру сынды еңбек ырғағының жай-жапсарын тереңірек білуде аудан әкімі Сұлтан Мақашовпен әңгімелесудің сәті де түскен еді.
Cұхбат 16 сәуір 2018 г. 1 311 0

ӘМБЕБАП ЖЕКПЕ ЖЕКТЕН 1-ШІ ОРЫН

Байқоңыр қаласында әмбебап жекпе-жектен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 12 команда 180 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салды.
ДОДА 16 сәуір 2018 г. 749 0
Жұлдыздар не оқиды?

Жұлдыздар не оқиды?

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарды кітап оқуға шақыру және олардың оқу мәдениеті мен талғамын қалыптастыруға бағытталған «Жастар таңдайды» - «Молодежь предпочитает» атты жоба аясында «Жұлдыздар не оқиды?» атты танымал жастармен кездесу ұйымдастырылды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 551 0

Жалпыға бірдей декларациялау күтілуде

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан халқы табыстар мен шығыстарды декларациялау жүйесіне көшеді.Яғни, барлық жеке тұлғаларға 250.00 нысанды «жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы» декларацияны табыс ет міндеттеледі.  Бұл шараның негізгі  мақсаты — көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың табысын және мүлкін басқару жүйесін құру. Сондай-ақ, салық жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту.
АҚПАРАТ 16 сәуір 2018 г. 553 0
ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ТАРТУ

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ТАРТУ

Биыл, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында қала көлемінде ауқымды жоспарлар мен тың жобалар қолға алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға қаланың жанашыр және белсенді азаматтары да өз үлестерін қосып келеді. Соның бір дәлелі, қаланың құрылыс компаниялары көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ерекше атсалысып жатыр.
ҚОҒАМ 16 сәуір 2018 г. 615 0
Медиация – мәміле алаңы

Медиация – мәміле алаңы

 Қазалы аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді. Жиында аудандық сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар жайына тоқталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 580 0
Мониторингтік топ мүшелерінің кезекті отырысы

Мониторингтік топ мүшелерінің кезекті отырысы

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуы бойынша сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелерінің отырысы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 528 0
«Адай» үшінші айқасын нокаутпен аяқтады

«Адай» үшінші айқасын нокаутпен аяқтады

Қазақстандық боксшы «Адай»  лақап аты бар Уәлихан Бейсенқұлов (3-0, 3КО) Мәскеуде (Ресей) кәсіби бокстағы өзінің үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. «Локомотив» бокс академиясының рингінде біздің отандасымыз камерундық Кристиан Вуапимен айқасты. Алты раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта аяқталды.  Бейсенқұлов нокаутпен жеңді. 
ДОДА 16 сәуір 2018 г. 647 0
Қазақстанға Қытай мен Түркиядан көшіп келушілер көбейді

Қазақстанға Қытай мен Түркиядан көшіп келушілер көбейді

Қазақстанға келген мигранттардың саны 620 мыңға жетті. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгінгі Үкімет сағатында мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі"Ресми статистика бойынша, соңғы үш жылда біздің елімізге 5 миллион 600 мыңнан астам шетелдік азаматтар келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД елдерінің азаматтары. Негізінен, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Ресейден келген. Сондай-ақ, алыс елдерден келген мигранттардың қатары көбеюде. Осы уақытқа дейін олардың саны 620 мыңға дейін жетті. Олардың көбі қытай және түрік азаматтары", - деп атап өтті ҚР Ішкі Істер министрі.Министрдің айтуынша, басты міндет заңсыз көші-қонға тоқтау салу, себебі ол қоғамдық тәртіп үшін қауіпті фактор болып табылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 611 0
Уақытша тіркеуге тұру үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ - ҚР ІІМ

Уақытша тіркеуге тұру үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ - ҚР ІІМ

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов уақытша және тұрақты тіркеуге тұру енді онлайн режимде іске асырылатынын атап өтті. Бұл жайында министр бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі."2017 жылы қаңтарда күшіне енген заңнамалық өзгертулер көші-қонды бақылауды күшейтуге жол ашты. Бұл тіркеу есебін ретке келтіру арқылы жүзеге асуда. Азаматтар өздері тұратын жерге 10 күннің ішінде тіркелуі қажет. Тұрақты және уақытша тіркеуден бастартқан адамдарға да қатысты талап күшейтілді", - дейді министр Қасымов.Сонымен қатар, бүгінде тіркеуге тұру үшін арнайы ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ екендігін айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2018 г. 473 0