Қазақстан Президенті Түрікменстан Меджлисі комитетінің төрағасы Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Қазақстан Президенті Түрікменстан Меджлисі комитетінің төрағасы Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне ізгі ниетін білдіріп, қызметіне зор табыс тіледі.Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты диалогты нығайту мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жеке жолдауы табыс етілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2018 г. 441 0
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсіміне қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөзінде Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсімі ұлы Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне тоқталып, бұл іс-шара Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы консультативтік жұмыс кездесуіне тұспа-тұс келгенін атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2018 г. 507 0

Еліміздің кей өңірінде қар жауып, боран соғуы ықтимал

Елдің басым бөлігінде алдағы үш тәулікте қар жауып, солтүстік облыстарды боран соғуы ықтимал деп хабарлайды "24 Хабар"арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2018 г. 434 0
Біле жүріңіз!

Біле жүріңіз!

Үй тірлігінде жүріп түрлі жағдайға тап болуымыз мүмкін. Ас үйде жүретін әйелдер қауымы мұны жақсы біледі. Күтпеген жерден келеңсіздіктер пайда бола қалады. Тамақ әзірлеп немесе жеміс-жидекті пышақпен аршыған кезде абайсызда қолды қанатып алуымыз мүмкін. Бұл жағдайда не істеу керек? Бақажапырақ пен жолжелкеннің жапырақтарын қайнаған сумен жақсылап жуып,сілкіп алып, қан ағып тұрған жерге басса , бірден басылады. Егер жара іріңдеп кетсе, оны тазалау үшін календула тұнбасын пайдалану керек. Пышақ кескен тілікті ұмыт қалдыруға болмайды. Жараға кір, топырақ енсе сумен жуа салу аздық етеді. Тілік жараны сутегі тотығының ерітіндісімен сүртіп тазартқан жөн. Жара айналасындағы теріні йодпен сүрту керек. Үй жағдайында спиртпен, арақпен, жасыл дәрімен, тіпті болмаса әтірмен де сүрте беруге болады. Жараның бетін микроб түспейтіндей 4-5 күнге орап тастау керек. Инфекцияның түсуі өте қауіпті. Сондықтан барынша сақ болу қажет.
Денсаулық 16 наурыз 2018 г. 1 934 0
ОҚО-да құрылыс материалдарының көрмесі өтуде

ОҚО-да құрылыс материалдарының көрмесі өтуде

Шымкентте «Shimkent Build 2018» деп аталған құрылыс және интерьер көрмесі өтіп жатыр. Оған саладағы озық технологияларын сапалы өнімдер мен инновациялық жобаларын көрсету үшін еліміздің өндірушілерімен қоса Өзбекстан мен Ресейден келген 30-ға тарта кәсіпорын қатысуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2018 г. 507 0
Фотоальбомдардың орнын басқан әлеуметтік желі

Фотоальбомдардың орнын басқан әлеуметтік желі

Бүгінде анасы алыстағы баласына сағат сайын хабарласып, «тамақ іштің бе, не жедің, не кидің, қайда бардың?» деп сұрамайды. Себебі, баласының инстаграм желісіне тіркелген. Оның дәл қазір не істеп жатқанын білу үшін бар болғаны профильге сұқ саусақты басу жеткілікті. Бұл әлеуметтік желіні ес білген баладан ес кірген қарияға дейін жақсы біледі. Күнделікті қолданбаса да, атауын естіген. Естімеген тек Амазонканың үндістері мен өркениеттің көшіне ілесе алмаған африканың қарамаржандары шығар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2018 г. 806 0
«Канело» бесінші допинг-сынамасынан өтті ме?

«Канело» бесінші допинг-сынамасынан өтті ме?

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткізетін кездесуі алдындағы бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
ДОДА 16 наурыз 2018 г. 633 0
«Кобра эффектісі» табиғатта да, экономикада да бар

«Кобра эффектісі» табиғатта да, экономикада да бар

«Кобра эффектісі» – белгілі бір ушыққан жағдайды алдын алу үшін қабылданған шешім, кері әсерін беретін құбылыс. Саясаттану, қоғамтану, экономика, психология салаларында «кобра эффектісі» термині жиі кездеседі. Бұл идиомалық тіркес қайдан шыққан? Неге бұл құбылыс кобрамен байланысты?
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2018 г. 605 0
ХV ғасырдан сыр шертіп тұр

ХV ғасырдан сыр шертіп тұр

Дәуірімізді өткен ғасырдан ерекшелеп тұрған күн сайын жаңарып жатқан заманауи технологиялар екені даусыз. Олар уақыт өткен сайын дамып, сапасы артып, адамның игілігіне пайдаға асып жатыр. Біз күнделікті қолданатын көк экран бір уақытта бірнеше қызметті атқара алады. Дәл осындай қолайлылық тудырған компьютердің әр бөлшегін жеке-жеке талдауға болады. Бірақ, адам 100 пайыз ақпараттың тек 20 пайызын ғана есте сақтап қалатындықтан, тек негізгі бөлшектерді әңгімеге арқау етпекпіз.
Білім 16 наурыз 2018 г. 873 0
Елдос Сметов Екатеринбургтегі «Grand Slam» турниріне қатысады

Елдос Сметов Екатеринбургтегі «Grand Slam» турниріне қатысады

17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді. Қазақстаннан бұл жарысқа 12 дзюдошы қатыспақ. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов бар.
ДОДА 16 наурыз 2018 г. 710 0