Бәрі де күтпеген жерден өрбіді. Әрбір тұрақты жұмысы бар адамның жылына бір мәрте берілетін еңбек демалысын тағатсыздана тосатыны баршаға ортақ жайт. Оны айтасыз, сол тынығу күндеріңді ұтырлы пайдалануға тырысып, алдын ала түрлі жоспар жасап қоятынымыз тағы бар. Осындай сәтті кезеңде Орал қаласына жолымыз түскен болатын. Құдамыздың жалғыз қызы тұрмысқа шығып, отбасымызбен қыз ұзату тойына барғанбыз. «Той – Алланың қазынасы, мал баланың – шашуы» деп ұғатын қазекеңнің дархан пейілі қытымыр қыстың ызғарының өзін жұмсартып жібергендей. Той өте жоғары деңгейде өтті. Асаба жігіт те ділмарлығының үстіне «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтіндей өнерлі жан екен. Әрбір тілек айтушыны мақтауын келістіре жеткізіп, сөз кезегін ұсынып жатыр. «Жақсы сөз, жарым ырыс» демекші бәрі де мәре – сәре. Кезек маған келгенде әлгіндей қошеметтен соң «Сыр өңірінен, қасиетті Қазалы жерінен арнайы келген құдамыз!» деп көпшілікке таныстырып өтті. Той иелеріне, екі жасқа ақ тілегімізді білдіріп, сыйлығымызды тапсырдық.
ТАҒЫЛЫМ
12 наурыз 2018 г.
1 140
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының негізінде еліміздің барлық өңірлерінде жылына екі рет ер азаматтарды әскерге шақырту науқаны жүргізіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
528
0
Қармақшы ауданының орталығында көктемгі су тасқыны қауіпті мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу жаттығуы өтті.Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О.Бержанов,«Қазсушар»РМК-ның Қызылорда филиалының бастығы Б.Арыстанбаев, аудан әкімі С.Мақашов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев оқу – жаттығу жиынына қатысып, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғанудың дайындығын тексерді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
635
0
Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды NUR.KZ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
1 063
0
Қызылорданың дарынды оқушылары білім бәсекесінде бәйгені бермей тұр. Оңтүстік Кореяға аттанған төрт оқушы да жүлдемен оралды. Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар байқауының бұл кезеңіне 12 мемлекеттің мыңнан тұлпар шыққан үздіктері қатысқан. Сейсенбі күні елге оралған оқушылармен, жетекшілері Қарлығаш Ақышевамен журналистер жүздесті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
732
0
Қызылордада енгізілген «Қоғамдық бақылау картасы» ауылдық елді мекендерде құрылған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылайды. Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
791
0
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсуат ауылдық округі әкімі М.Ақмырзаевтің ұйымдастыруымен Ақсуат ауылдық округі, «Сыр самалы» балабақшасы, мектеп қызметкерлері және ауыл жастары арасында №268 мектеп-лицейінде кіші футболдан жарыс өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
922
0
14.03.2018 жылы жергілікті уақытпен сағ,9:30-да "Қолөнер" ұлттық нақыш орталығы мен "Тағылым" балаларды шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы-"Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің директоры Айнұр Шорабекқызының қолдауымен "Ұлыстың ұлы күні" - Наурыз мерекесіне орай "Қобыз үні" атты дәстүрлі ұлттық нақыштағы көрмесін өткізілу жоспарлануда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
12 наурыз 2018 г.
729
0