ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 5-18 наурыз аралығында барлық аудандардың мемлекеттік қызметшілері үшін құқықтық оқыту бейнеконференциясы өтті.
"ҚР азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту” туралы ҚР Үкіметінің қаулысын жүзеге асыруға сәйкес алғаш рет ұйымдастырылған бейнеконференцияның мақсаты ҚР азаматтарының құқыққа сай мінез-құлқына қол жеткізу, тұрғындарды құқықтық апқараттандыру, оқыту және оңтайлы әрі тиімді кері байланысқа шығу, білім берудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалану болып табылады.
Екі аптаға созылған бейнеконференцияның соңғы күні ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы” Заңы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев, "Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілерінің міндеттері мен олардың жауаптылығы туралы” облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Жамантаев, "ҚР Салық кодексі. Салық төлеушілердің салық міндеттілігі және салық салу объектілері” тақырыбында облыстық салық департаментінің "Салық заңнамасын түсіндіру және апелляция” басқармасының басшысы Совет Бабанаев хабарлама жасады.
Барлыбек БАТЫР.
---
27 наурыз 2014 г.
901
0