«КҮМІСАЙ» ӘНІНІҢ  ТАРИХЫ немесе белгілі жырау Алмас Алматов шерткен сыр

«КҮМІСАЙ» ӘНІНІҢ ТАРИХЫ немесе белгілі жырау Алмас Алматов шерткен сыр

  - Сыр сүлейлері  шоқтығының көрнекті өкілі, сан қырлы өнер иесі, атақты жырау, ақын әрі сазгер Тұрымбет  Салқынбайұлын өзінің сенімді ізбасарларының бірі Балқашбай Жүсіпов кезінде   халыққа кең тараған атақты  бір термесінде: «Тұрымбет-ән атасы Кіші Жүздің, тоғытқан әннің кесте көп өрнегін», - деп ерекше бағалаған. Менің өз басым талайды таң қалдырған Тұрымбет жыраудың  мақамдарын, әсіресе,  өзгеше мәнермен орындалатын «Күмісай» әнін жыраулық, әншілік  репертуарымның басты арқауы санаймын,Бұл кісінің әндерін  біз бала жастан жаттап өстік, Шіркін, Тұрекеңнің «Күмісай» әні бір керемет дүние ғой!,- деген-ді бірде Қармақшыда өткен   бір әдемі  өнер кешінде Алмас жырау тебіріне  сөйлеп.-Бұл әннің шығу  тарихының өзі қызық Жас кезінде Тұрекең, менің жарықтық  нағашым  өзбек елінің Тау-Елібай жерінде (Тамды ауданы) серілік құрып жүріп: «Күмісайжан, қош аман бол, жолыққанша, мал-перзентке ер тоймас молыққанша, жарқыным, еңбегіңді ескерерміз, елуге жасың жетіп толыққанша»,-  деп  бір  байдың  қызына  ғашық болған  ғой.Соны біреу «Тұрымбет байдың қызымен әуей болып жүр»,-деп Сырдағы  туыстарына жеткізеді.Бұл жақтағы жақын ағайындары мен ауылдың жасы үлкен ақсақалдары Тұрымбет жыраудың елге оралғанын жөн санайды.Сонда түйеге мініп Сырға қарай көш басын бұрған   беттегі атақты жыраудың   ғашық жарымен  қимай қоштасқандағы айтқаны-осы «Күмісай» әні екен.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 желтоксан 2017 г. 1 101 0