ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Киелі өңірдің «Сыр – Алаштың анасы» деп аталуы тегін емес, оған  қазақтың қара шаңырағы болған жерімізде тас дәуірінің іздері – сақ, ғұн, қаңлы тайпаларынан қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, Сыр жағасындағы көне қалалардың орындары, «Ұлы Жібек жолының» батыс пен терістікке шығатын тоғыз жолдың торабы болуы, алғашқы тайпалық бірлестіктердің және ортағасырлық мемлекеттердің орталығы болуы және т.б. дәлел. Сыр бойының бас қаласы – қазақтың тұңғыш астанасы болған Қызылорда өңірінің  тарихы терең, киелі мекен ретінде ежелгі және орта ғасырлардағы ұлттық мәдени құндылықтарымен ерекше­ленеді. Төрт бірдей мемлекеттің астанасы болған ұлан-байтақ даламызға кеңес өкіметі киелі атаулының тамырына балта шабуға барын салған болатын. Француздар киелі жері Нотр-Дамды мақтан тұтса, ағылшындар Стоунхендж тас мүсін­дерін, немістер көне қалалары Ротенбургты ұлық етеді. Бір ғана Сыр өңірінің өзінде мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Киелі орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы – жас ұрпаққа тереңірек таныс­тыру маңызды. Өйткені, өткен тарихымызды білмей, мәдени мұраларымызды зерделемей, бүгініміздің қасиетін жете бағалай алмаймыз. Ал онсыз ертеңгі өмірімізді сезіну де қиын. Бұның түпқазығында қоғам­дық сананың қалыптасуы, рухани жан дүниеміздің баюы, ұрпақ тәрбиесі жатыр. Осы қажеттіліктің орнын толтыруды көздеген биылғы сәуір айында жарыққа шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласы дер кезінде жарияланған құжат болып отыр. Расында да, Қазақстанның киелі жерлерінің белдеуі – бізді рухани жұтаңдықтан сақтайтын қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыз.
ЖАРНАМА 23 желтоксан 2017 г. 1 314 0
ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛМАҚ

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛМАҚ

Қызылордада облыс әкімдігі мен «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясы арасында Сырдарияның сол жағалауында тұрғын үй салу туралы Меморандумға қол қойылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 502 0
Елбасы кейбір конституциялық заңдарға өзгеріс енгізуге бағытталған құжатқа қол қойды

Елбасы кейбір конституциялық заңдарға өзгеріс енгізуге бағытталған құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы жүргізілген конституциялық реформаны әрі қарай іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2017 г. 661 0