Быдгощ қаласында (Польша) грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали 59 келі салмақта қола жүлдені иеленді. Ол бірінші белдесуде Алжир спортшысын техникалық әдіспен жеңсе, одан кейінгі кездесулерде қарсыластарын 10:4, 6:5 есептерімен айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда жапон балуанына 6:5 есебімен есе жіберіп алды. Қола медаль үшін болған кездесуде Болгарияспортшысынан айласын асырып, үшінші орынды алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 қараша 2017 г.
422
0