Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде найзағай жарқырап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте шаң көтеріліп, солтүстік батыста түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік шығыста, шығыс аймақтардың басым бөлігінде және республиканың орталығында күн қатты ысиды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік батысында жауын жаумайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 маусым 2017 г. 445 0

Үшінші рет балықшылар слеті өтеді

Шілде айында Сыр өңірінде балықшылар слеті өтеді. Балық шаруашылығы мамандарының тәжірибе алмасу алаңына айналған шара биыл үшінші рет ұйымдастырылғалы тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шәменов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 маусым 2017 г. 517 0