Көре білген адамға айналада әсем де көрікті жерлер жетерлік. Әрине, әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері сан алуан. Дегенде жердің жұмағы саналатын тау бөктері, сылдыраған бұлағы, саф ауасы мен шыбын-шіркейсіз саялы ағаштарының қою көлеңкесі адамды ерікісіз өзіне шақырып, бара қалса, жанын жадыратары сөзсіз. Жақын достары, отбасы мүшелерімен ¬немесе қызметтестермен осындай таза ауада демалып, шаршағанды бас¬қанға не жетсін! Тың идеялар мен жұмысқа деген белсенділік осындай саяхаттардан соң арта түсетіні бар. Реті келсе, аптасына болмаса да, айына бір рет салқын самал саялы жерде қымыз ішіп, шұбаттан сіміріп, бұлақ суына түскен керемет емес пе?! Оның үстіне қасыңда жаныңа жақын достарың, сүйікті адамың болса, одан артық не іздемексің. Иә, бәрі жақсы.., бәрі жақсы болады!..
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
845
0
Шиелі кентіндегі «Тастүлек» теннис клубы салауатты өмір салтын сүйетін жандардың мекені және әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастыратын орталық десек болады. Міне, аптаның жұмасы күні облыстық «Сыр бойы» газетінің оңтүстік аудандарындағы оқыр-мандары үстел теннисінен басылым жүлдесін сарапқа салды. Бұл бәсекеге Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 18 ауыл спортшылары қатысты. Аталған сайысты ¬ынталы топ ұйымдастырып, оған өздері демеушілік те жасады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 маусым 2017 г.
547
0