Пікір-пайым

Пікір-пайым

Қуанышқали ШАПШАҢОВ, Қызылорда облысының құрметті қайраткері: – Аймақ басшысының кезекті есеп беруінде айтылған ақжолтай жаңалықтар, игі бастамалар, жаңа жобалар Сыр елі¬нің болашағы бекемделе түскенін айғақтайды. Өздеріңіз көргендей, экономикалық-әлеуметтік сала көрсеткіштері рес-публикада көш бастап тұр. Қаржылық дағдарыс кезеңінде қайырлап қалмай, дамудың даңғыл жолынан табылуымыз – Елбасының еңселі еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, ¬Президент тапсырмаларын облыс басшылығы толық¬қанды жүзеге асыруының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Өзіміз куә болғандай, еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев тұрғын үй құрылысы қаншалықты қарқынды жүргізілгенін Астана қаласымен салыстыра отырып жеткізді. Аймақтар арасындағы көшбасшылық тек құрылысқа қатысты емес, экономиканың өзге салалалары бойынша да көштің басындамыз. Яғни, өткен жыл – Сыр елі дамуындағы серпінді жылдар тарихынан ойып орын алары даусыз. Облыс әкімі өз сөзінде «қара алтын» өндіру көлемінің қысқару көрсеткішінің көп бөлігі біздің облысқа тиесілі екендігін айтты. Сонда да болса, облыс бюджетін арттыруға қол жеткіздік, шикізаттық емес секторды дамыту арқылы жалпы өңір өнімділігі еселене түсті. Демек, аймағымыздың экономикасы бәсекелестік пен кез келген қиындықты жеңе алатын жағдайға жетті деп есептеуге болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2017 г. 843 0
PDF 16 ақпан 2017 г. 627 0