Қазыналы Қазалының қарышты қадамы

Қазыналы Қазалының қарышты қадамы

Замана көші ілгері жылжыған сайын адамның ой-өрісі, талғам-пайымы да биіктей беретіні белгілі. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі аяқ алысына қарап осындай тұжырым жасауға болады. Алысқа бармай-ақ Қазалы ауданын мысалға алайық. Ауылда туып-өстік. Біздің балалық шағымызда ауызсу жайы ең күрделі мәселе еді. Бөшкеңді сүйретіп бас-аяғы бірді-екілі қолдан қазылған құдықтың басына әлденеше сағаттап кезекке тұрасыз. Қыс мезгілінде аналарымыз жауған қар, қатқан  мұзды ерітіп амалдайтын еді. Түнемелікте электр қондырғысымен берілетін жарық белгілі уақытта сөндіріледі. Жазатайым той-томалақ жасайтын болсаңыз, мотор жағатын ағайға жағдай айтуға тура келеді. Көшенің түнгі жарығы туралы сөз қозғаудың қажеті шамалы.
ДӘУЛЕТ 18 қаңтар 2017 г. 1 729 0
Онлайн тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды

Онлайн тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды

Азаматтарды онлайн тіркеу қызметі пилоттық режімде іске қосылды. Бұл туралы Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев әлеуметтік желіде хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2017 г. 1 311 0
123456

123456

Keeper Security компаниясының мамандары әлемдегі ең көп қолданылатын құпия сөз қайтадан «123456» сандар тізбесі болғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру-ға сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2017 г. 956 0
15 күнде 34 адам әкімшілік қамауға алынды

15 күнде 34 адам әкімшілік қамауға алынды

Қаңтар айының 15 күнінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің Әкімшілік қамау орнына барлығы 34 азамат сот қаулысымен қамаққа алынды, - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2017 г. 832 0
Қабірге iPhone пішініндегі ескерткіш қойылды

Қабірге iPhone пішініндегі ескерткіш қойылды

Қайтыс болған алматылық Заңғар Орынбетовтың қабіріне iPhone пішініндегі ескерткіш қойылды. Ерекше құлпытастың суреттері WhatsApp желісінде таралып жатыр. Қаза тапқан жігіттің анасы Сара Ержанованың айтуынша, мұны оның күйеуі ойлап тапқан. Заңғардың әкесі - дизайнер, содан ол iPhone пішінді ескерткіштің эскизін салған. Айта кетейік, Заңғар Орынбетов құрастырушы мамандығы бойынша оқып, Apple өкілдерінің шақыртуымен АҚШ-та жобаларын таныстырып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ өкінішке қарай, Заңғар 2016 жылдың күзінде жол апатына ұшырап, қайтыс болған еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2017 г. 1 490 0
Ақпаннан бастап вокзалдарда тексеру болады

Ақпаннан бастап вокзалдарда тексеру болады

Қазақстан вокзалдарында 1 ақпаннан бастап жолаушылар мен жүктерге тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2017 г. 1 172 0
Дария деңгейі төмендеді

Дария деңгейі төмендеді

Жыл басынан бері Қызылорда қаласы, Сырдария және Жалағаш аудандары тұсындағы Сырдария өзенінің деңгейі айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ж.Нұрсейітов хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2017 г. 1 176 0
Қоғамдық мониторинг жүргізіледі

Қоғамдық мониторинг жүргізіледі

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірге 2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында салықтық әкімшілендіру мен мал дәрігерлік қадағалау (ветеринария) саласына қатысты сыбайластық құқық бұзушылық жасауға итермелейтін жайттарды анықтау мақсатында қоғамдық мониторинг өткізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2017 г. 922 0
Тегін консалтинг – кәсіпкерге мүмкіндік

Тегін консалтинг – кәсіпкерге мүмкіндік

«Даму» қорының Қызылорда облысындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) бірнеше жыл қатарынан бизнесті жүргізу бойынша тегін кеңестік қызмет көрсетіп келеді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2017 г. 948 0
Тонналаған балықтың 90%-ы Кіші Аралдан ауланады

Тонналаған балықтың 90%-ы Кіші Аралдан ауланады

2016 жылы облыс бойынша балық аулау лимиті 7883 тонна болып белгіленсе, соның 90% тоннасы – Кіші Арал теңізінің үлесінде. Осының нәтижесінде өткен жылы 7 200 тонна балық ауланып, балық өнімдерінің экспорты соңғы төрт жылда 5 есеге артқан. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде сала басшыларының қатысуымен өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2017 г. 690 0