Қайтыс болған алматылық Заңғар Орынбетовтың қабіріне iPhone пішініндегі ескерткіш қойылды. Ерекше құлпытастың суреттері WhatsApp желісінде таралып жатыр. Қаза тапқан жігіттің анасы Сара Ержанованың айтуынша, мұны оның күйеуі ойлап тапқан. Заңғардың әкесі - дизайнер, содан ол iPhone пішінді ескерткіштің эскизін салған. Айта кетейік, Заңғар Орынбетов құрастырушы мамандығы бойынша оқып, Apple өкілдерінің шақыртуымен АҚШ-та жобаларын таныстырып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ өкінішке қарай, Заңғар 2016 жылдың күзінде жол апатына ұшырап, қайтыс болған еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2017 г.
1 490
0
Қазақстан вокзалдарында 1 ақпаннан бастап жолаушылар мен жүктерге тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2017 г.
1 172
0
Жыл басынан бері Қызылорда қаласы, Сырдария және Жалағаш аудандары тұсындағы Сырдария өзенінің деңгейі айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ж.Нұрсейітов хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қаңтар 2017 г.
1 176
0