Биыл жоғары мамандандырылған медициналық көмек ауқымының кеңеюіне орай республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20%-ға, нейрохирургиялық операциялар саны 27%-ға, эндопротездеу саны 2 есеге дейін өсті. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 желтоксан 2016 г.
557
0
Қызылорда облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісі 379 адамға толықты. Жыл басында медицина мамандарымен қамтылу 87 пайызды (328) құраған. Есепті мерзімге дейін алғашқы медициналық-сараптамалық көмек көрсету желісіне 32 жас маман тартылып, қызметкерлер саны 95 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
23 желтоксан 2016 г.
746
0