Мекеме басшылары бір мезетте қабылдау өткізді

Мекеме басшылары бір мезетте қабылдау өткізді

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон департаменті, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.     Филиалдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталмыш топ бұған дейін барлық ауданда болып, азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. 60-тан астам адамды жеке сұрақтарымен қабылдап, оларға заң аясында кеңес берді әрі олардың шешімін табуына ықпал етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 тамыз 2016 г. 546 0
Қызылорда облысында жаңа балабақша ашылды

Қызылорда облысында жаңа балабақша ашылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Жалаңтөс батыр ауылынан 90 орындық балабақша жұмысын бастады. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатасып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Ауылдағы ескі балабақша апаттық жағдайда болғандықтан жаңа ғимарат бой көтерді.    
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 тамыз 2016 г. 573 0
Спорт күні мерекесі аталып өтті

Спорт күні мерекесі аталып өтті

ҚР Спорт күні мерекесіне орай  спорт саласындағы  мекемелер арасында шағын-футболдан  турнир өтті. Оған  17 мекемеден 200-ге жуық қызметкерлер қатысып, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде «Қайсар» ФК 1-орынды иеленді. 2-орынды «Мұз айдыны» СК, 3-орынды  №6  облыстық футбол жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің командалары еншіледі. Сондай-ақ, орталық стадионда  гимнастикалық жаттығулар да ұйымдастырылды.         
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 тамыз 2016 г. 696 0