Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі саланың үздіктерін марапаттады. «Үздік дәрігер», «Үздік менеджер» мен «Жыл инновациясы», «Кезек күттірмейтін емхана» номинацияларын жеңіп алғандарға облыс әкімі 500 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстың Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі» белгісімен марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 маусым 2016 г.
535
0