Оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік аз қамтылған ауылдық жерлердегі түлектер үшін биыл облыс әкімінің 135 білім гранты тағайындалады. Бұл туралы бүгін аппарат мәжілісінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 мамыр 2016 г.
687
0
Қызылорда облысында малшылар слеті биыл екінші рет өткізіліп отыр. Слеттің бірінші күні Жаңақорған ауданында «Мал шаруашылығын датыту» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды. Семинарда «Мемлекеттің мал шаруашылығын дамытудағы саясаты», «Ауыл шаруашылығы жануарларының инфекциялық ауруларының алдын алу және емдеу», «Ет бағытындағы МІҚ малын азықтандырудың баланстық жүйесін ендіру» және «Қызылорда облысында қазақтың ақбас сиыры тұқымының өнімдерін жаңа биотехнологиялық тәсілдермен дамыту» сияқты маңызды тақырыптарды мамандар талқылап, пікір алмасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 мамыр 2016 г.
601
0