Бұл алып жоба индустриялдық аймақтың 50 гектарын алып жатыр. Қазіргі таңда дайын өнім қоймасының құрылысы аяқталуға жақын, металл құрылымдау жұмыстары аяқталып, сыртқы қабырғалары қаланып жатыр. Дайын өнім қоймасының ұзындығы 300 метр, ені 150 метрді құрайды. Мамандар жоспарға сәйкес қойма сәуір айында толық бітеді деп отыр. Ал мамырда зауытқа қажет барлық құрал-жабдықтары алып келінеді. Шетелдік инвесторлар зауыт Орталық Азияда теңдесі жоқ жаңа технологиямен жабдықталатынын жеткізді. Құрылыс жұмыстарына 200-ге жуық адам мен отыздан астам техника жұмылдырылып отыр. Жұмысшыларға бар жағдай жасалған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 наурыз 2016 г.
775
0