«Алтын асық» бағдарламасымен қызылордалықтар 10 мыңнан астам қой алды

«Алтын асық» бағдарламасымен қызылордалықтар 10 мыңнан астам қой алды

Қой шаруашылығын дамытуға арналған «Алтын асық» бағдарламасы Қызылорда облысында жоғары деңгейде жүзеге асуда. Өткен жылы 12 шаруашылық «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 131,0 млн. теңге несие алып, 5627 бас қой, оның ішінде 327 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. Сонымен қатар 5 шаруашылық өз қаржысы есебінен 96,2 млн. теңгеге 4470 бас қой әкелді. Осылайша, жыл ішінде 10 мыңнан астам асыл тұқымды қой алынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2015 г. 1 166 0
Ауыл жастары Елбасы жолдауына қолдау білдірді

Ауыл жастары Елбасы жолдауына қолдау білдірді

Арал ауданының әкімінің қолдауымен Жастарды қолдау орталығының Арал аудандық бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты бастамасымен ауданның өнерпаз жастарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратерең және Бөген ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2015 г. 1 003 0
Барлығына бірдей, әркімге қолжетімді

Барлығына бірдей, әркімге қолжетімді

Өткен жылдың 19-31 желтоқсан аралығында электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға және облыс тұрғындарын ынталандыруға арналған Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Барлығыңа бірдей, әркімге қолжетімді» акциясы өтті. Аталмыш акцияға белгіленген мерзім ішінде 482 тұрғын қатысқан. Акция шартына сай әрбір 10-шы қызмет алушыға ақпарат тасығыш (флешка), әрбір 50-ші қызмет пайдаланушыға ұялы телефон таратылуы тиіс-ті. 16 қаңтарыда өткен акция қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 39 тұрғынға флешка, 9 қызмет алушыға ұялы телефон табысталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2015 г. 668 0
Қаруды ұстау, сақтау тәртібін бұзғаны үшін жазаланды

Қаруды ұстау, сақтау тәртібін бұзғаны үшін жазаланды

Жалағаш ауданының тұрғыны атуға жарамды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз танысына берген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2015 г. 951 0
PDF 17 қаңтар 2015 г. 1 142 0