БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

Сенбі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Катар Мемлекетінің Әмірі Тамим бен Хамад әл-Танимен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 21 қаңтар 2014 г. 1 109 0

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛДАУЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауына орай Қызылорда облысы әкімі Қ.Е.Көшербаевтың  пікірі  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ОРТАҚ МАҚСАТҚА АЙНАЛУЫ ТИІС Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс.  Осыдан әрқайсысымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай, Қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» стратегиясы – ұлттың ұлы бағдары. Елулікті еңсердік, енді дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді мұрат етіп отырмыз. Осы «Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ  парыз, абыройлы міндет» деп, Елбасымыз ашып айтты. Ендеше осы ортақ мақсатқа жұмылып, аянбай атсалысуға Сыр бойы халқы дайын.  Сөзімнің соңында айтарым – Елбасының ресми мәжілісте халыққа Жолдауын «сүйікті халқым» деген жүрекжарды тілегімен аяқтауы болашаққа деген үмітімізді бекітіп, сенімімізді арттырады!
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 21 қаңтар 2014 г. 6 035 0