Кеше облысымызға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт Ата әуежайында күтіп алды. Президент аймақтағы іссапарын жаңа оқу жылының басында ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмысымен танысудан бастады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
23 қыркүйек 2013 г.
2 215
0
Қазақтың қалың тарихының парақтары «мың өліп, мың тірілгенін» айғақтайды. Баһадүр бабалар Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлы даланы ұрпағына аманаттау үшін "күндіз күлмеді, түн ұйықтамады”. Жүзжылдықтарға созылған азаттық күресінің жеңісі жиырмасыншы ғасырдың соңында ғана қолға тиді. Ғасырлар тоғысындағы сол кезең қазақтың тағдырын бұрын-соңды түспеген соны сүрлеуге бұрды. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде әлемнің саяси картасынан өз орнын алды. Шекарасын бекітіп, елдігін мойындатты. Адамның құқығы мен бостандығына кепілдік берген Ата Заңын қабылдап, астанасын Арқаға көшірді. Бар болғаны екі онжылдықта ғасырға татитын жолды жүріп өтті. Әлемдік қауымдастықтағы өз орнын белгілеп, төрткүл дүние санасатын мемлекетке айналды. Халқымыздың атақ пен абыройының асқақтауы, тәуелсіз ел ретінде жер-жаһанға танылуы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тікелей байланысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
23 қыркүйек 2013 г.
3 343
0
Бала – ұрпақ жалғасы, ел болашағы. Сондықтан оларға дұрыс тәрбие беру, олардың жан-жақты дамуын қадағалап, білімді де парасатты тұлға етіп шығару әр мемлекеттің басты бағыты болып табылады. Осыны ескерген Елбасы Н.Назарбаев өзінің жылдағы қазақстандықтарға арнаған дәстүрлі Жолдауларында балғындардың біліммен, тәрбиемен толық қамтамасыз етілуін басым бағыттарының бірі ретінде нақтылап, үнемі назарында ұстап келеді.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2013 г.
3 265
0
XVІІ ғасырдың басында ішкі тартыстар нәтижесінде Қазақ хандығы әлсіреді. Тәуекелдің інісі Есім ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан әрі құлдырауына кедергі болады. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды.
ТАНЫМ
23 қыркүйек 2013 г.
3 064
0
Дені сау адам – мемлекеттің басты байлығы. Осы орайда елімізде тұрғындардың денсаулығын қорғау барысында Елбасының бастамасымен бірқатар бағдарламалар қабылданып, көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2013 г.
2 600
0
Елбасы тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр» ғарыш кешені «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесіне келетін меймандар мен қатысушылардың назарына ұсынылатын нысандардың қатарына қосылмақ. Бұл бастама қаланы дамытуға септігін тигізіп, әлемнің әр түкпірінен туристердің ғарыш айлағына ағылуына жол ашады.
ҚОҒАМ
23 қыркүйек 2013 г.
2 820
0