КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

КЕРУЕН ТАРТАР КҮРЕ ЖОЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында көлік логистикалық кластерін дамыту шеңберінде Қазақстан аумағында «Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен» жалғастыратын автокөлік жолы салынатынын атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл маңызды жоба 2009 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Яғни, сол кезде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» мегажобасын Елбасының өзі бастап берді. Біздің облыстағы бұл алып құрылыс 2010 жылы басталды. Жалпы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» арасын жалғайтын халықаралық көлік дәлізі Қазақстанның бес облысының аумағынан өтеді. Оның қашықтығы 2787 шақырымды құрайды. Ал, біздің облыстағы оның ұзындығы 812 шақырым.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 214 0
ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ МОЛ

ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ МОЛ

Жалағаш ауданындағы Мөрәлі Шәменов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 119 0

ҚАЛА НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

16 қыркүйек күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы аумағындағы бірқатар нысандарды аралады. Бірінші кезекте «Қорқыт ата» әуежайында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жаңадан салынатын халықаралық жолаушылар терминалының жобасын талқылады.
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 191 0

ЕМХАНАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Ресей-Қазақстан-Украина-Беларусь мемлекеттері мамандары тарапынан жүргізілген сараптамалар нәтижесінде Жаңақорған аудандық емханасы Қызылорда облысы бойынша 5-ші, республика бойынша 7-ші орынды иеленді.
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 085 0

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ҚОРЛАРЫ ЖӨНІНЕН АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

Осы аптаның сейсенбісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісінде Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі және табиғи ресурстарды тиімді басқару мен шикізат секторынан түскен табысты пайдалану тұжырымдамалары мақұлданды. Селекторлық Үкімет отырысына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
ДӘУЛЕТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 144 0

ДӘСТYРЛІ СПАРТАКИАДА

«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ дәстүрлі спартакиаданың ашылу салтанаты болып өтті. Оған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері қатысты.  Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 16-30 аралығында өтетін спартакиада спорттық ойынның 10 түрінен жарыс өтеді. Олар арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, тағы басқа ойын түрлерінен командалар өзара бақ сынасады. 
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 210 0

«ҚАЙСАРДЫҢ» ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСТЫ

Кеше орталық стадионда Қызылорданың «Қайсары» Алматы облысының «Іле-Сәулет» командасын қабылдады. Бұл ойында жерлестеріміз 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесуді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та тамашалады.
ДОДА 19 қыркүйек 2013 г. 1 198 0

АКАДЕМИКПЕН КЕЗДЕСУ

Тағдыр маған осы бір қазақтың біртуар азаматы, ғұлама ғалым, қоғам, мемлекет қайраткері Лениндік сыйлықтың иегері, Алаштың ардақты азаматы Шахмардан Жорабекұлы Есеновпен өмірінің соңғы жылдары таныстырып, ағалы-інідей болып сыйластығымызды жарастырған болатын. 
ТАНЫМ 19 қыркүйек 2013 г. 1 597 0
ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӨҢІЛДІ КЕШ

ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӨҢІЛДІ КЕШ

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында көңілді тапқырлар клубы әдемі әзіл кешін өткізді. Аталған шараның өтуіне ұйытқы болған «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС басшылығы. Бұл кеш өңіріміздегі ірі мұнай компаниясының 20 жылдық мерекесіне арналып отыр.
РУХАНИЯТ 19 қыркүйек 2013 г. 2 160 0

АУЫЛДЫҢ АЛТЫН КYЗІ

Қазалыда басты дақыл күріш жинау қарқынды жүргізілуде. Ауа райының ашықтығын пайдалануды ұйғарған диқандар бір сәтке де толастар емес. Егіс танаптарындағы алып техникаларға да дамыл жоқ. Алқаптан орталыққа ағылған дән тасымалдағыш көліктерді қайтқан құс тізбектеріне ұқсаттық. Ал, қырман басы да қызу қимылға толы. Ауыл ішінде бейсауыт, сенделіп жүргендерді жолықтырмайсыз. Үлкен-кіші, бала-шаға баршасы ел ризығын рәсуа қылмауға тырысып-бағуда. 
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 070 0