ШЫҰ: ӘР САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСЕДІ

ШЫҰ: ӘР САЛАДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСЕДІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / БИЛІК 14 қыркүйек 2013 г. 1 015 0
«НҰР ОТАННЫҢ» – ЖАҢА ҒИМАРАТТАРЫ

«НҰР ОТАННЫҢ» – ЖАҢА ҒИМАРАТТАРЫ

Бейсенбіде облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Арал, Қазалы аудандарында болды. Аймақ басшысының әрбір келген қадамынан жаңалық күтетін жұртшылықтың үміті бұл жолы да ақталды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 215 0

АРАЛДЫҢ ТҰЗЫ РЕСЕЙ НАРЫҒЫНДА

Сапалы ас тұзымен танымал «Аралтұз» акционерлік қоғамының ресми өткізушісі, яғни дистрибьютері – «Сольтрест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ресей мемлекетінің ірі «Магнит» сауда жүйесімен келісім-шарт жасады.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 140 0

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жүйесін модернизациялауға байланысты «Қамқор» корпорациясы Қызылорда локомотив депосы филиалының «Қамқор Локомотив» ЖШС-ында жұмысшылардың қысқаруы орын алған еді. 
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 406 0

ЖАСӨСПІРІМДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Аптаның бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарованың жетекшілік етуімен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның селекторлық мәжілісі болып өтті. Онда облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Арман Қаржаубаев «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері туралы» баяндама жасады.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 152 0

ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында І Корей мәдени бизнес керуені өкілдерінің қатысуымен басқосу өтті. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаев ашып, жүргізіп отырды.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 009 0
БАЛАЛАР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

БАЛАЛАР ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың жұмыс сапары осы күні Қармақшы ауданының Төретам және Жосалы кенттерінде жалғасты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 921 0

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауын насихаттау тұрақты дәстүрге айналды. Әсіресе идеология саласының, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері зор белсенділік танытуда. Бұл бағытта Арал өңірінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған ақпарттық-насихаттық топтың құрамы елді мекендерді түгелге жуық аралап шықты. Ортақ істен округ әкімдері де қалыс қалмады. Олар тұрғындармен өткен кездесуде Жолдаудың басым бағыттарына түсіндірме жасап, өз үлестерін қосты. Жыраулар үйінің өнерпаздары ұйымдастырған «Жыр-думан» атты концерттік бағдарламасы Октябрь, Сазды, Мергенсай елді мекендері, Сексеуіл кентін аралап дала перзенттеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 312 0

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНАНЫҢ» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

Қазіргі заман талабына сай инфрақұрылым болмаса, экономиканы жаңғырту мүмкін емес. Сондай-ақ, алдын ала дамыған энергетикасы мен сапалы жол мен коммуникация болмаса, тиімді инновациялық индустрияны құру да мүмкін емес. Бұл жайтқа әлемдік тәжірибе әлдеқашан-ақ көз жеткізіп қойған. 2010 жылы Қазақстанның үдемелі индустриялы бағдарламаны қолға алуы инфрақұрылым құрылысындағы белсенділігін арттыруға жол ашты. Бұл кең ауқымдағы әрі шығынды, айтарлықтай қаржы қорын, тиімді басқару мен өндірістік активтерді бір жерге шоғырландыратын және миллиардтаған инвестицияны тартуды талап ететін үдеріс еді. Еліміздегі бұл жұмыстың барлығын ірі мемлекеттік холдинг – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырады.
ҚОҒАМ 14 қыркүйек 2013 г. 1 673 0

ТӨЛЕМ ЖАСАМАҒАНДАР ЖАРЫҚТАН АЖЫРАТЫЛУДА

Барлығына белгілі болғандай 1-маусымнан бастап халықты жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Сыр жарығы» рыноктан кетіп, орнына «Энергосервис» ЕЖШС келген болатын. Осыған орай, барлық құрылымдар қайта келісім-шарт жасасып, жарық төлемімен есептесуі тиіс. Алайда, әлі күнге дейін құжаттарын дайындамай, келісімге келмеген, 3 ай бойына қарыздарын төлемеген бизнес орталықтары қаламызда бар болып шықты. Қарыздарын өтемегендер өткен сәрсенбіде жарықтан ажыратылды. Құжат дайындауда селқостық танытқан орталықтардың қатарында «Мирас» сауда орталығы да бар. Бұл сауда кешені қарамағындағы кәсіпкерлерден ай сайын жарнапұлдарын алып отырса да, уақытылы құжат дайындап, жарық төлемін төлеуде құлықсыздық танытып келген.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 501 0