ЖҰМЫСШЫ ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қоғамдағы кез келген оқиға жұртшылық назарынан қалыс қалмайтыны белгілі. Бұл жолы  да солай болды. АҚШ доллары бағамының өсуі көпшілік арасында түрлі пікірлерді қалыптастыруда. Бірақ аудан әкімдігі тарапынан жағдай толық бақылауға алынды.
Қазалыда аудан әкімі Бақыт Жахановтың тапсырмасымен бағаны тұрақтандыру жөніндегі арнайы жұмысшы тобы құрылды. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап төрағалық жасайтын бұл топтың құрамы кент, қала әкімі, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласы мен базар басшыларынан жасақталған. Арнайы топ мүшелері өздерінің алғашқы отырыстарын жасап та үлгерді. Онда бағаны тұрақтандыру, жұртшылық арасында түсіндірме жүргізу, қажетті кезеңде «Байқоңыр» ӘКК қоймасының өнімін пайдалану, басқа да өзекті мәселелер талқыланды. 
Осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы толығырақ білмек болып, сала басшыларына жолыққан едік. Біздің сауалымызға Қазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Әліби Әбиев «Бағаны тұрақтандыру тұрғысында кент көлеміндегі «Ырыс-Болашақ», «Мусаев», «Орын-Ай», «Ернар» базарлары мен сауда орталықтарында тиісті шаралар ұйымдастырылуда. Бәрі бақылауда» деп жауап қайтарды.
 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
--- 13 ақпан 2014 г. 1 201 0