АБАЙДЫ ІЗДЕУ БІР БАҚЫТ...

Қаламыздағы №101 орта мектепте белгілі қаламгер, абайтанушы Төкен Ибрагимовпен «Абайды іздеу бір бақыт...» тақырыбында шығармашылық кеш өтті. "Таным” қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен зиялы қауым өкілдері мен мектеп ұжымы Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, Жазушылар одағының мүшесі Төкен Смайылұлымен пікірлесіп, абайтану жолындағы ізденістеріне ден қойды. Абай даналығының мәдени құбылыс ретінде бағалануына орасан зор күш жігерін жұмсаған қайраткер ұлы Абай биігінің аласармайтынын тағы бір дәлелдеді. Салтанатты кеште айтыскер дүлділ Мұхтар Ниязов жырдан шашу шашса, мектеп оқушыларынан құралған ансамбль көрермендердің көңілін күйге бөлеп, әнмен әрледі. 
«Құрмет» орденінің иегері, Абайдың «Жидебай – Бөрілі» тарихи-мәдени әдеби мемориалдық мұражайының бұрынғы директоры Т.Ибрагимов мәдениет саласында 40 жылдан бері талмай еңбек етіп келеді. Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайында зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал ардақты азамат. 

Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
--- 28 қаңтар 2014 г. 1 137 0