Ламборгини алғаш рет жол талғамайтын көлік шығарды

Ламборгини алғаш рет жол талғамайтын көлік шығарды Ламборгинидің енді спорткары ғана емес, сонымен қатар жолсызбен жүретін көліктері де көпшілікке қолжетімді болды.
Компания басшылығының мәліметінше, жол талғамайтын көлік шығару арқылы Авентадор және Хуракан сияқты спорткарларымен танылған Ламборгини енді жаңа дәуірге аяқ баспақ. Urus атты жаңа кроссовер төрт есікті. Жолсызбен жүретін көліктің сатылымы компания өнімдерінің саудасын екі есе арттырады деп күтілуде. Алдын ала жоспар бойынша, 2019 жылы компания 7 000 Urus көлігін шығармақ.
Жаңа көлік 2018 жылдың соңына қарай сатылымға түспек.
Ламборгини алғаш рет жол талғамайтын көлік шығарды
--- 31 наурыз 2017 г. 513 0